helix3->PresetParam('_megabg')) ? $this->helix3->PresetParam('_megabg') : '#ffffff'; $megabgtx = ($this->helix3->PresetParam('_megatx')) ? $this->helix3->PresetParam('_megatx') : '#333333'; $preloader_bg = ($this->helix3->getParam('preloader_bg')) ? $this->helix3->getParam('preloader_bg') : '#f5f5f5'; $preloader_tx = ($this->helix3->getParam('preloader_tx')) ? $this->helix3->getParam('preloader_tx') : '#f5f5f5'; // load css, less and js $this->helix3->addCSS('bootstrap.min.css, font-awesome.min.css') // CSS Files ->addJS('bootstrap.min.js, jquery.sticky.js, main.js') // JS Files ->lessInit()->setLessVariables(array( 'preset' => $this->helix3->Preset(), 'bg_color' => $this->helix3->PresetParam('_bg'), 'text_color' => $this->helix3->PresetParam('_text'), 'major_color' => $this->helix3->PresetParam('_major'), 'megabg_color' => $megabgcolor, 'megatx_color' => $megabgtx, 'preloader_bg' => $preloader_bg, 'preloader_tx' => $preloader_tx, )) ->addLess('legacy/bootstrap', 'legacy') ->addLess('master', 'template'); //RTL if ($this->direction == 'rtl') { $this->helix3->addCSS('bootstrap-rtl.min.css') ->addLess('rtl', 'rtl'); } $this->helix3->addLess('presets', 'presets/' . $this->helix3->Preset(), array('class' => 'preset')); //Before Head if ($before_head = $this->helix3->getParam('before_head')) { echo $before_head . "\n"; } ?>
Пятница, 24 апреля 2020 14:47

Әділ Ахметов: «Әкемнен қалған естелік – аңшы билеті еді...»

Журналымыздың кезекті қонағы – Мемлекет және қоғам қайраткері, филолог ғалым Әділ Ахметов. Америкалық «үндістердің» түркілік шығу тегін тереңінен зерттеген ғалымнан қазақтың аңшылық өнері жайлы да біршама мәліметтер алып, оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

– Әділ Құрманжанұлы, сұхбатымыздың басында Сізді 75 жасқа толған мерейтойыңызбен журнал редакциясы мен оқырмандары атынан құттықтауға рұқсат етіңіз. Елімізде алғаш рет Америкалық «үндістердің» көне түркілермен байланысын өзіңіз зерттеп жаздыңыз. Көптеген қазақ тіліне де ұқсас сөздер мен жер-су атауларын да таптыңыз. «Үндістердің» өмірін зерттеу барысында қазақтың аңшылық дәстүріне сай келетін деректер кездестірдіңіз бе?

Америкалық үндістердің түпкі тегі – прототүріктер. Олардың Алтайдан шыққанын дәлелдейтін деректер ғылымда сайрап жатыр. Адамзаттың жер бетіне таралуын зерттеу осы саладағы ғалымдарды әу бастан-ақ қызықтырып келеді. Адамзат баласы әу бастан аңшылықпен күн көрген. Шаруашылықтың бұл түрімен әлемнің бар халқы айналысқан. Қазір көптеген елдер осы салаға ден қоя бастады. Тіпті Ресейде арнайы телеарна хабар таратады. Кезінде Америкалық «үндістер де» аңшылықпен күн көрген. Өмір сүру үшін олар табиғатпен терең байланыста болған. «Үндістер» аңшылықтан бөлек, терімшілікті кәсіп етіп, әлемде бірінші болып, мақта мен жүгері еккен. Су шығарып, таулардың бөктеріндегі егіндерін суғарған. Мексикада «төбе» атауына бітетін 140 жуық топонимдер бар. Юкатанда «Бақалар» деп аталатын көл де бар. Міне ұқсастық қайда жатыр? «Америкалық үндістердің» аңшылық дәстүріндегі қазақтарға басты ұқсастығын айтсам, олар аңды тектілікпен аулаған. Өздеріне қажетін ғана алып, табиғатқа зиян келтірмеу деген ұстаным басты орында тұрған. Жануарлардың ересектері мен кәрілерін ғана атып немесе тұзақпен ұстап, буаз немесе енді үйірге қосылған жастауларына тимеуге тырысқан. Американың ескі тарихына қарайтын болсақ, бизондар мен бұғылар өте көп болған. Тайпа-тайпа болып, көшіп-қонып жүрген «үндістер» бизондарды қыра бермеген. Өздеріне жететін мөлшерде ғана аулап, қалғандарын қоя берген. «Саятшылық заңы» деген бізде де болған ғой. Менің әкемнің ағасы аңшы болған адам. Бала кезімде ол кісі бір отарбойдақ сиыр бағатын. Әлі есімде қасына ертіп, аңға алып шығатын. Қақпан құратын.  Елік,кейде бұғы түсетін. Арқар алған күндері де болды. Екеуміз екі атқа мініп, қақпанды тексеруге шығатынбыз. Ортамызға алған олжамызды тиеп алатын ыңыршақ артқан өгізді жетекке алатынбыз. Бірде қақпанға арқардың ірі құлжасы түсіпті. Артқы аяқтан қапқан қақпаннан құтыла алмай бұлқынып тұр екен. Жақындап келіп, қарасақ, екі жылқышы тас лақтырып, құлжаның қиналғанын қызықтап отыр екен. Атаматтан қарғып түсті де құлжаны мылтықпен олжалап алды. Ұялған болуы керек, жылқышы жігіттер кешірім сұрап,жөндеріне кетті.

Құлжа бауыздалып, басы денесінен ажыратылған соң, күшімді сынамақшы болып, әлгі басты мүйіздерінен қос қолдап ұстап, көтерейін десем әлім жетпеді. Тоғыз-он жасар кезім ғой. Атамның өте қарулы екенін дәл сол кезде көрдім. Ауыр атлеттер секілді, құлжаның зілдей ауыр денесін қос қолдап іліп алып, өгізге қас қағым сәтте арта салды.

– Сол кезде әкеңіздің ағасының жасы нешеде еді?

Атам 76 жасқа келіп қайтыс болды. Құлжа алатын жылы ол кісі 56 жаста болатын. Нән қақпанның серіппелерін сығып жіберіп, жақтарын екі жаққа айыра салу ол кісіге бұйым емес болатын. Сосын, атам саятшылық заңын ешқашан бұзбайтын. Алған аңды өзі ғана иемденіп кетпейтін. Бір асым етінғана үйде қалдырып, қалғанын көршіқолаңғатаратып беретін.

– «Еуразия коды: бесінші өркениет табалдырығында» атты кітабыңызды бас алмай оқып шықтық. Енді журналымыздың оқырмандарына да Майя өркениеті мен Америкалық «үндістер» туралы қысқаша айтып берсеңіз.

– Америкалық «үндістердің» түпкі тегі Алтайдан тараған. Генетик ғалымдар қан топтары мен ДНК-ларын зерттей келе, «үндістердің» индиялықтармен үш қайнаса да сорпасы қосылмайтынын, керісінше, олардың тек түркі халықтарымен ғана тектес екенін дәлеледеп шықты. Демек, о баста Алтай мен Саян тауларын жайлаған әрі аңшылықты кәсіп еткен прототүріктер Солтүстік-Шығыс Азияны көктей өтіп, Беринг жермойнағы арқылы Америкаға өтіп кеткен. Тіпті, Жаңа Әлемге қалай қоныс аударғандарын өздері де білмей қалған болуы әбден мүмкін.

Археологтардың пайымдауынша, прототүріктер жаңа қоныстарына, ең кем дегенде, 15 немесе 20 мың жылдар бұрын ат басын тіреген. Ал оларды «үндістер» деп атау – ғылымдағы «евроцентризмнің» салдары. Одан да дәлірек айтқанда, 1492 жылы Христофор Колумб Американы ашып,соңыра конкистадорлар Жаңа Әлемді отарлай бастаған кезде,келімсектер жергілікті халықтарды, олардың күнге тотыққан қоңырқай жүздеріне қарап, үнділерге ұқсатқан. Жиырма шақты жылдар бойы жүргізген ғылымизерттеу жұмыстарының нәтижесінде жарық көргенмонографияларымда мен бұл тақырыпқа жан-жақты тоқталғанмын.

– Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдерді де тереңінен зерттедіңіз. Қазақ халқының күнделікті тұрмыстіршілігіндегі табу мен эвфемизмдер жайлы айта кетсеңіз?

«Табу» - полинезиялықтардың тілінен алынған термин. Мағынасы тыйым дегенді білдіреді. Бұл тақырыпты да жиырма жылдан астам зерттеп жаздым. Ырым мен тыйым адамның санасына әбден сіңген, пәле-жаладан немесе оғаш дүниелерден сақтандыратын қағидалар. Мәселен, қасқырдың атын атама, атасаң, малға шабады деген тыйым болған. Табуға байланысты Британия энциколопеди- ясында қайын жұртының атын атамаған қазақ келінінің тапқырлығы жазылған. Ауылдағы ақсақалдар мен қайын ағаларының атын атамайтын келін бір күні қамыстың арғы жағындағы өзенге су алуға барса, бір қойды қасқыр тартып кетіпті. Әлгі мал арам өліп қалмасын деген мақсатпен келіншек ауылына жүгіріп келіп: «Ата! Ата! сылдыраманың арғы жағында, сарқыраманың бергі жағында маңыраманы ұлыма жарып кетіпті. Жаныманы білемеге, білеп-білеп, тез келе қойыңыз», – деп шырылдайды.Келіннің астарлап айтпақ болғаны мынау:сылдырама – қамыс. сарқырама – өзен, маңырама – қой, ұлыма – қасқыр,жаныма – пышақ,білеме – қайрақ. Бірақ ат тергеу салтын берік ұстанған жаңа түскен келіннің: Қамысбай, Өзенбай, Қойшыбай, Қасқырбай, Пышақбай, Қайрақбай деген қайын атасы немесе қайнағалары мен қайындары болғаны анық. Міне, сол адамдардың атын тікелей атамас үшін, ақылды да текті келін керемет жол тауып, эвфемистік астарлы атауларға жүгінген. Осы аңыз түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдерге қойылған классикалық ескерткіштей, Британия энциколопедиясының төрінен орын тепкен.

Осыған орай тағы бір мысал келтірейін. Бір әулеттің Аюбай, Түлкібай, Қасқырбай есімді ағайындылары жайлауға көшіп бара жатқанда, бір шатқалға келіпаялдап, сонда түнеп шықпақшы болыпты. Кешқұрым шай ішіп отырған кезде иттер абалап үріп кетеді. Ағайындылардың төрде отырған үлкені, Аюбай ақсақал келінін сыртқа

шығып, көріп келуге ишарат білдіреді.Үйге қайта кірген келін бірден сөйлей алмай, біраз уақыт абдырап тұрып қалады да, сосын еріксіз аузын ашып: «Ауылдың артындағы аршалы бетте, атаекем тәтекемді зыттыра қуып бара жатыр екен. Соған қарап, ауылдағы жәкемдер жабыла үріп тұр”,-деcе керек. Сөйтсе, тау беткейінде бір аю өлексеге түсіп,сол өлекседен дәметкен түлкіні жолатпау үшін, қорбаңдап қуа жөнелген кезде, төмендегі иттер мұны байқап қалып, шатқалды

басына көтерген ғой.

– Қазақ халқы тұмса табиғатпен терең байланыста болған. Айдың толуы мен Күннің тұтылуына дейін ерекше мән берген. Ал, Сіз бір еңбегіңізде ай мен судың байланысы туралы сөз қозғапсыз...

Қазақта: «судың да сұрауы бар» деген керемет сөз бар. Судың керемет қасиетті дүние жоқ екенін қазақ бұрыннан білген. Ал бүкіл әлемдегі су көздерін түгел зерттеген Масару Эмото деген жапон ғалымының көзқарасы өте ерекше. Судың мұз күйіндегі кристалдарын зерттей жүріп, айтулы ғалым судың жады бар екенін дәлелдеген. Қатпай тұрған суға жақсы сөздер айтып, әдемі ән қойсаң кристалдары жадырап, жаман сөз айтсаң быт-шыт болып бұзылып кететінін әлгі ғалым дәлелдеп шыққан.

Ал, айдың қасиетін қазақтар өте ертеден білген. Жаңа ай туа қалса,жолаушылап келе жатқан қазақ атынан түсе қалып: «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп мінажат еткен. Мұның сыры өте тереңде жатыр. Мұхиттар мен теңіздердің суын тәулігіне екі ретжағаға алып келіп, екі рет кері қайтаратын да сол айдың тартылыс күші. Сосын Жердің жетпіс бір процентін су құрайды. Қалғаны элементтер. Адам ағзасының да жетпіс бір пайызы судан тұрады. Өйткені адамзат та планетаның бір бөлшегі. Адам миының сексен бес пайызы да судан құралады. Ай толған кезді, әсіресе, шығармашылықпен айналысатын адамдар асыға күтеді. Себебі мұхиттар мен теңіздерді шайқаған Ай энергиясы адам миындағы суды да қоса шайқап, кереметтей шабыт бітіреді. Ол ол ма, әлемдегі аяғы ауыр әйелдердің толғағының тоқсан пайызы да ай толған кезде келеді. Айман, Айсәле, Айтолқын, Айжарық деген есімдер осының бұлтатпас дәлелдері.

– Өзіңіз табиғатқа шығып, аң аулайсыз ба?

Менің әкем де аңшы болған екен. Ол кісіден алты айлығымда қалыппын. Соғысқа кетіп оралмаған. Әкем төрт ағайынды болған. Жоғарыда аталған үлкен ағасы Қайшыбек атам анда-санда аң қағатын. Тауға барып, қияқ шөпті бас бармақтарының арасына қыса салып, еліктің лағының даусын айнытпай салып, еліктерді маңына жинап алатын. Ол кісіге елік атып алу түкке де тұрмайтын. Тек біреуін ғана алатын. Өзіне бір асым етін ғана қалдырып, қалғанын өзгелерге таратып жіберетін. Ал, менің әкемнен маған қаллған құнды мұрағат та сол кісінің аңшылық билеті болатын. Онда: «Ахметов Құрманжан. 1908 жылы туған. 28-мылтығы, «Ұшар» деген иті бар» деп жазулы тұр. Менде аңшы болуғаа талпынып көрдім. Институттың үшінші курсын бітіріп, елге демалысқа бардым. Аң ауламақшы болып, шиті мылтық пен бесалты оғын алып, тауға шықтым. Жүре-жүреы орманның ортасындағы бір алаңқайға жеттім. Алаңқайдың дәл ортасында мүйізі қылтиған, қып-қызыл еліктің текесі жайылып тұр екен. Отыз метрдей жерде тұрып, мылтықтың шүріппесін басып едім, оталмады. Тағы да екі рет әрекет еткенмен, мылтығым атылмады. Бұл маған Алланың белгісіндей болып көрінді. Сондықтан да мына аңның киесі бар екен ғой деп түйдім. Міне содан бастап, аң аулаған емеспін және қолыма мылтық ұстаған жоқпын.

– Журналымыздың оқырмандары мен еліміздегі аңшы қауымына қысқаша тілегіңіз.

«Қансонар» журналын алғашқы санынан бастап білемін. Өте мәнді-мағыналы басылым. Оралбай Әбдікәрімұлы басқарып отырған Қауымдастық аясында жарық көріп, аңшылыққа байланысты ұмытылып бара жатқан ескі салт-дәстүрді кеңінен насихаттап келеді. Сондықтан журнал ұжымына сәттілік тілеймін. Ал, аңшы қауымға айтарым мынау: “Ауды азырақ салып, мылтықты азырақ атып, табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, аялаңдар, саятшылық еріккеннің ермегі болмауға тиіс!”, - дер едім.

– Мағыналы сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан, 
Олжас БЕРКІНБАЕВ

Журнал "Qansonar" №3(11) 2016 год

Прочитано 5594 раз
Оцените материал
(0 голосов)

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме».
© 2024 Сайт Кансонар. Все права защищены.

Яндекс.Метрика